18 Қыркүйек 2026, 22:24 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада үшінші жеңісіне жетті

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Гаити мен Нигерия командаларын жеңген болатын.

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының үшінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны 3,5:0,5 есебімен жеңді.

Бибісара Асаубаева словениялық Лаура Унукпен тең түсті. Ал Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өз қарсыластарынан басым түсті. Осылайша қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиададағы үшінші жеңісін тіркеді.

Ерлер құрамасы үшінші турда рейтинг бойынша үздік ондыққа кіретін Франция командасымен кездесіп, 0,5:3,5 есебімен жеңілді.

Қазақстан сапынан Денис Махнёв қана ұпай еншіледі. Ол блицтен 2021 жылғы әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсті. Сауат Нұрғалиев, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов қарсыластарына есе жіберді.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Гаити мен Нигерия командаларын жеңген болатын.