20 Қыркүйек 2026, 02:15 Фото: ҰОК

Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиадада қатарынан төртінші рет жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева осы Олимпиададағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейінгі екі партиясын тең аяқтаған болатын.

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының төртінші турында Армения құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Бұл – қазақстандық шахматшылардың Олимпиададағы қатарынан төртінші жеңісі.

Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева осы Олимпиададағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейінгі екі партиясын тең аяқтаған болатын.

Елназ Қалиахмет болса, қатарынан төртінші партиясында да жеңіске жетті.

Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз партияларын тең нәтижемен аяқтады.

Қазақстан – Армения – 3:1:

  • Бибісара Асаубаева – Лилит Мкртчян — жеңіс;
  • Алуа Нұрман – Мариам Мкртчян — тең ойын;
  • Меруерт Камалиденова – Элина Даниелян — тең ойын;
  • Елназ Қалиахмет – Сусанна Габоян — жеңіс.

Айта кетейік, ерлер құрамасы да төртінші турда жеңіске жетті. Қазақстандық шахматшылар Жапония құрамасын 3,5:0,5 есебімен ұтты.

Қазақстан – Жапония – 3,5:0,5:

  • Денис Махнёв – Чан Тхань Ту — жеңіс;
  • Сауат Нұрғалиев – Сё Оцука — жеңіс;
  • Даниал Сапенов – Рёске Нандзё — жеңіс;
  • Жандос Ағманов – Синъя Кодзима — тең ойын.

Олимпиаданың бесінші туры 20 қыркүйекте өтеді. Жалпы жарыс 11 турдан тұрады және 27 қыркүйекте аяқталады.