6 Мамыр 2025 2025, 20:56
Фото: pixabay.com
Қазақстандық сейсмологтар кезекті жер сілкінісін тіркеді
Зілзала 6 мамыр күні түскі уақытта орын алды.
2025 жылғы 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша 13:08-де (Астана уақытымен) Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ғылыми орталықтың сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жерасты дүмпулері Алматы қаласынан 544 шақырым оңтүстік-батыста, Тәжікстан аумағында болған. Жер сілкінісінің эпицентрі осы өңірде орналасқан.
Сейсмологтар дүмпудің энергетикалық класы мен магнитудасы туралы мәліметтерді нақтыламағанымен, бұл зілзала Қазақстан аумағында, соның ішінде Алматыда сезілмеген.
Жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеді.