Қазақстандық сейсмологтар Алматыда тағы бір афтершок тіркеді
Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда 16 сағат 33 минут 6 секундта жер сілкінісін тіркеді. Афтершоктың эпицентрі - Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан Қытай аумағында. Алматы қаласында 2 балл шамасында болды, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелмеген.
Айта кетейік, бұған дейін таңғы сағат 10:08-де Алматыдағы сейсмикалық жаттығулар кезінде жер сілкінісі тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Омарташылар шеруге шықты
Өзгелердің жаңалығы