Қазақстандық қыздар конькимен жүгіруден қола медаль еншіледі

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарыс жолына Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова шықты.

Қортындысында, Қазақстандық қыздар 1 минут 30.12 секунд нәтиже көрсетіп үшінші орыннан көрінді.

Ал оңтүстік Корея алтын медаь, Қытай құрамасы күміс жүлде еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ел қоржынына алғашқы алтын медаль және бір күміс жүлде салған еді.

Сондай-ақ, Аяна Жолдас Ябули тау шаңғы курортында өткен әйелдер арасында фристайл акробатика сынында үшінші орыннан көрінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы