Қазақстандық қос теннисші Еуропадағы турнирді сәтті бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Еліміздің бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик сәтті ойын бастады, деп хабарлайды olympic.kz.
Әлемнің 21-ракеткасы Е.Рыбакина Хертогенбос (Нидерланды) WTA 250 жарысының алғашқы айналымында америкалық Джейми Лобпен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Еленаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
А.Бублик жекелей сында Штутгарт (Германия) ATP 250 додасында бастапқы кездесуін америкалық Денис Кудламен өткізді. Қазақстандық спортшы 7:6 (7:3), 7:5 есебімен ұтты. Ол 12 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Александр екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Марреймен күш сынасады. Биыл өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақбауыр, Шілікті алқабы және Елеке Сазы қорғандарында археологиялық қазбалар жалғасады – ШҚО
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы