Қазақстандық қоғамдық даму институты отандық медианы зерттейді

Қазақстандық қоғамдық даму институты отандық медианы зерттейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани айтты.

Қазақстандық қоғамдық даму институты еліміздегі отбасы мәселелері, қоғамдық процестер, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін және өзге де тақырыптарды зерттейді.

Сонымен қатар биылдан бастап отандық медианы зерттеу, оның қоғамға әсері, журналистиканы зерттеу бағыты қосылып, арнайы «Media Lab» атты орталық ашылып отыр.

Басқарма төрағасы 2022 жылы институт қандай зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндама, үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін құқықтық негіздерін зерттеу бойынша баяндама, ерлі-зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау модельдері атты баяндама, еліміздегі қазіргі гендерлік саясат туралы талдамалы есеп, балалар үйінен шыққан тәрбиеленушілердің қоғамға әлеуметтік интеграциясы мен бейімделуі туралы талдамалы баяндама және азаматтық некеге байланысты баяндама, - деді Нұрбек Матжани.

Сөзінше, көрсетілген зерттеудің барлығы мекеменің ресми сайтында бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы