Қазақстандық қоғамдық даму институты мен Ұлттық академиялық кітапхана меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ пен Ұлттық академиялық кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, Ұлттық академиялық кітапханасы директорының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов, АҚДМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті директоры орынбасары Бекзада Шаханова, қоғам қайраткерлері, институт және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Меморандумның мақсаты – институт баспа өнімдерін Ұлттық академиялық кітапханасының қорына өткізу, ортақ ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кітап оқитын ұлтты қалыптастыру үшін жас қазақстандықта­р арасында оқу мәдениетін дамытуға және ілгерілетуге ерекше назар аударғаны белгілі.

Жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосуда институт мемлекеттік тапсырмалар аясында қоғам­­дық, идеологиялық сала бойынша Тұңғыш През­­иденттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бағытында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, әр түрлі жоба аясында балаларға, оқушыларға, жастарға, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған танымдық бейнероликтер, мотивациялық курстар, сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлері, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар және оқу-танымдық кітаптар әзірлеп жатыр. 

Қазақстандық қоғамдық даму институты азаматтық қоғам, отбасы, жастар саласын зерттеп, қоғамның дамуына үлес қосатын көптеген әдістемелік ұсынымдарды, нұсқаулықтарды, монографияларды, талдамалық баяндамаларды, зерттеу жұмыстары мен оқу-танымдық кітаптарды, сондай-ақ  танымдық бейнероликтерді, мотивациялық курстар мен сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлерін әзірлеп, жарыққа шығарып келеді. Меморандумға қол қоя отырып, біз балаларға, жастарға, оқытушыларға, зерттеуші мамандар мен ғалымдарға ізденіс саласында қоғамдық сананы жаңғыртып, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесімізді қосатынымызға сенімдіміз, - деді басқарма төрағасының орынбасары Әсем Серікқазықызы. 

Бүгінгі таңда балаларға, жастарға, оқытушыларға, зерттеуші мамандар мен ғалымдарға бағдарламаның қағидаттары мен құндылықтарын насихаттау және қоғамдық сананы жаңғырту,­ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында жарық көрген институттың 100-­ден аса баспа өнімдерін Ұлттық академиялық кітапханасының қорына өткізіп, екі жақты өзара ынтымақтастық меморандум жасасу өте өзекті болып отыр. 

Институт қызметінің негізгі бағыттары – бағдарламаны ілгерілету стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру, талдамалық және әдістемелік сүйемелдеу, қоғамдық-саяси жағдайды мониторингтеу және талдау, қоғамдағы процестерді зерттеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, жастар және отбасы саясаты, мемлекеттік саясатты іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету.

Меморандум аясында әдістемелік ұсынымдар мен нұқсаулықтар әзірленіп, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы әлеуметтік жобалардың өзара іс-қимыл бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы