Қазақстандық полицей Бүкіләлемдік ойындарда 2-орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-31 шілде күндері Нидерландта Бүкіләлемдік полиция және өрт сөндірушілер ойындары өтіп жатыр.
Он күн бойы Роттердам порт қаласы ірі және бірегей халықаралық спорт жарыстарының сахнасына айналады.
Биыл Бүкіләлемдік полиция және өрт сөндірушілер ойындарына 70 елден 10 мыңнан астам адам қатысуда. Оның ішінде Қазақстан өкілдері де бар.
Қатысушылар спорттың 63 түрінен, соның ішінде бокс, кроссфит, жеңіл атлетика, су добы, кайтсерфинг және «Үздік өрт сөндіруші» номинациясында бақ сынап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы