Қазақстандық өрт сөндірушілер әлемдік рекорд орнатты
азақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да үшінші орынға тұрақтап, екі қола медаль жеңіп алды.
Әзербайжанның Баку қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды.
Жарыстың соңғы күнінде «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасы бойынша өнер көрсеткен ерлер құрамасы 24,52 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Екінші орынды Моңғолия, үшінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді.
Ал әйелдер құрамасы 25,41 секунд нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында Ресей мен Беларусь командалары бірінші және екінші орындарды иеленді.
Төрт күнге созылған чемпионаттың жалпыкомандалық есебінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да үшінші орынға тұрақтап, екі қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатынан алтын медаль, жаңа әлемдік рекорд және екі қола жүлдемен оралды.