Қазақстандық оқушылар Сербияда топ жарды
Қазақстандық оқушылар Сербияның Белград қаласында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық оқушылар Сербияның Белград қаласында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жеті күнге созылған Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) өз мәресіне жетті. Білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы 3 қола, 2 күміс және 1 алтын медаль жеңіп алды.
Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Санжар Хамитов үздіктер қатарынан табылып, алтын медаль еншіледі. NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Аида Давлетова мен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Қанат Серікбай күміс жүлдеге ие болды. Ал қола ақтөбелік зияткер Әлихан Қалмағамбетов пен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірті Арсен Сыдықовқа бұйырды. Байқауда 3-орын алғандар қатарында Дарын мектебінің шәкірті Жомарт Сабыр да бар.
Айта кетейік, география пәнінен өткен сайысқа барлығы 9 елден 98 оқушы қатысты. Жас географтар мектепішілік оқу-жаттығу жиындарына профессорлардан дәріс алып, халықаралық және рейтингтік олимпиадалардың күнделікті бақылау тапсырмалары бойынша күшейтілген даярлықтан өткен.