Қазақстандық оқушылар робототехника олимпиадасына қатысады

Қазақстандық оқушылар Сингапурға ең ауқымды әрі беделді FIRST GLOBAL CHALLENGE робототехника олимпиадасына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл байқауға әлем бойынша 190-нан астам ел қатысуда. 

Ұлттық кезеңнен кейінгі бір айдың ішінде оқушылар роботтарын қайта жетілдіріп, көптеген функцияларын жаңартты. Біз барша қазақстандықтарды онлайн-трансляцияны көруге және жаңашыл жастарды қолдауға шақырамыз, - деді USTEM FOUNDATION қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет. 

Жарыс 7, 8, 9 және 10 қазан аралығында өтеді, ол үш күнге созылады. Биылғы тақырып сутегінің отындық мүмкіндігі аясында өтеді, оқушылар имитациялық ойын алаңында сутегі мен оттегі атомдарын сұрыптай алатын роботтарды құрастыруда.

Еске салайық, қыркүйек айында елордада өткен жарыстың республикалық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам бала, сондай-ақ Моңғолия мен Өзбекстаннан келген халықаралық командалар қатысқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы