Қазақстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында төрт медаль иеленді

Қазақстандық оқушылар EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Цхалтубо қаласында (Грузия) EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:

  • Күміс медаль - Анастасия Одинцова - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Күміс медаль - Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Айта кету керек, EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде ұйымдастырылды. Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдарда Қазақстан құрамасы 3 алтын, 11 күміс, 12 қола медаль және 4 құрмет грамотасын иеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы