1 Тамыз 2025 2025, 07:46 Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар географиядан халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке жетті

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Таиландта өткен IGeO–2025 география пәнінен халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Бұл – оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік жарыстардың бірі. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Жеңімпаздар:

  • Талғат Байбусынов – алтын медаль, Қарағанды облысы, НЗМ, 12-сынып
  • Андрей Енбахтов – алтын медаль, Қостанай облысы, НЗМ, 10-сынып
  • Болат Ақжол – күміс медаль, Жетісу облысы, НЗМ, 12-сынып
  • Әлихан Қалмағамбетов – күміс медаль, Ақтөбе облысы, НЗМ, 12-сынып

Қазақстан құрамасын олимпиаданың барлық кезеңіне дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері – ҚазҰТЗУ студенті Рустам Валеев пен халықаралық олимпиадалар жеңімпазы Абай Дүйсен.

Бұл жетістік – оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың және жалпы еліміздің халықаралық білім аренасындағы беделінің айқын дәлелі.

Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алған.