Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында жеті марапатқа ие болды
Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.
Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері:
Күміс медаль - Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Қола медаль - Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Қола медаль -Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота - Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.