Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды
Грузияның Цхалтубо қаласында қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғайды.
Олар: Амира Кенбаева - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11 сынып оқушысы; Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9сынып оқушысы; Анастасия Одинцова - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы; Арай Касенова - Haileybury Almaty 11 сынып оқушысы.
Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысының тағы бір ауданында ТЖ режимі жарияланды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы