Қазақстандық оқушылар Америкадағы әлем чемпионатында топ жарды

Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары  FIDE әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үндістанның Velammal MHS мектебі 2025 жылғы мектеп оқушылары арасындағы ФИДЕ әлем чемпионатында командалық есепте 8/8 ұпай жинап, алтын медаль иегері атанды. Қазақстанның Республикалық физика-математика мектебі 6/8 ұпаймен күміс медаль жеңіп алса, АҚШ-тың Harker мектебі 5/8 ұпаймен қола медаль иеленді. Олар қазақстандық тағы бір команда – РСФМ «Астана-2»-ден аз ғана басым түсті.

Чемпионат швейцариялық жүйе бойынша сегіз раундтан тұрып, 3–6 тамыз күндері АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында орналасқан Епископтық орта мектебінде өтті.

Сонымен қатар 4–5 тамызда шахматтың білім беру саласындағы рөліне арналған Smart Moves Summit атты жаһандық конференция ұйымдастырылды. Оған 50-ден астам спикер-ғалымдар, зерттеушілер, мұғалімдер және түрлі сала мамандары қатысты.

ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович жабылу салтанатында жеңімпаздарды марапаттап, құттықтау сөз сөйледі:

Керемет нәтижемен жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің табыстарыңыз – еңбектеріңіздің жемісі. Бұл медальдар сіздерге тек мақтаныш емес, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге шабыт берсін, - деді ол. 

Чемпионат 3–6 тамыз аралығында АҚШ-тың Вирджиния штатына қарасты Александрия қаласындағы Епископтық орта мектебінде өтті. Жарыс сегіз раундтан тұрып, швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды.

Чемпионатқа 48 елден 55 команда, 286 ойыншы қатысты. Velammal MHS сегіз матчтың бәрінде жеңіске жетіп, небәрі екі жеке партияда ғана ұтылды. Ал күміс жүлдеге таласта соңғы раундқа жеті команда үміткер болып, нәтижесінде Қазақстан мен АҚШ жүлдегер атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы