19 Желтоқсан 2024 2024, 14:10 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық оқушы ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды

Қазақстандық оқушы Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық оқушы Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев Сауд Арабиясының Жубайл қаласында өткен Оқитын қалалардың 6-шы халықаралық конференциясына (6th International Conference on Learning Cities) қатысты.

Бұл алаңда тұрақты даму, климаттың өзгеруі және оқитын қауымдастықтар құру мәселелерін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар жиналды.