Қазақстандық өнертапқыштар құбырдағы ақауларды жөндейтін робот жасап шығарды

Digital Almaty 2025 форумының "Индустрия X" аймағында қазақстандық өнертапқыштардың жобаларын көруге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Біздің алдымызда тұрған проект "SPR" деп аталады. Ұзартып айтқанда Smart implant inspection. Алайда біздің робот инспекциядан бөлек, құбыр ішіндегі ақауларды жөндеуге арналған. Біздің роботтың бір ерекшелігі біз қашықтықта болып, құбырды тазалау үшін манипулятор арқылы басқарамыз. Камера арқылы құбырда қандай ақау болғанын көріп, бірден әрекет етуге мүмкіндік бар,- деді өнертапқыш Диас Әкімбай.

Жас стартарпшы аталған жобамен қанша уақыт айналысқанын, жергілікті компаниялар қызығушылық таныта бастағанын атап өтті.

Мен бакалавр студентімін. Бұл ғылыми жобада ассистент болып жүргеніме екі жыл болды. Осы жылдың ішінде роботты құрастырып, дизайнын өзіміз жасап, электроникасын құрастырып шықтық. Жетекшімізді қосқанда 5 адам осы роботты жасап шықтық. Төрт ассистент роботтың әр бөлігіне жауап береді. Қазіргі уақытта біздің роботтқа қызғушылық танытып, тапсырыс берген компанияларда бар. Алға қойған мақсатымыз сол компаниялар арқылы кері байланыс алып, осы роботтомызды әрмен қарай дамыта беру. Әлі де толықтырумен өзгерістер енгіземіз деген жоспарымыз бар, - деді Диас Әкімбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы