Қазақстандық өндірушілер Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 4-7 шілдеде Екатеринбург қаласында (РФ) ИННОПРОМ «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» 12 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Көрменің негізгі бағыттары: цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көліктік машина жасау, металлургия, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі, тау-кен өнеркәсібі.

Компаниялар тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, цифрлық индустрия, жасыл энергия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін өнімдер мен шешімдерді ұсынады.

ИННОПРОМ-2022 іскерлік бағдарламасы аясында компаниялар мен өңірлердің конференциялары мен семинарлары жоспарланған. 

6-7 шілдеде ИННОПРОМДА құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумы өтеді. Бұл шара аясында құрамдас бөліктерді өндірушілер Ресей Федерациясының ең ірі өнеркәсіптік компанияларына өз өнімдері мен технологияларын ұсына алады.

ИННОПРОМ-қазақстандық компаниялар үшін өзін танытуға, келісімшарттар жасауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік.

Қазақстан биыл ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі болып табылады. Осыған байланысты қазақстандықтар құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумына тегін қатыса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы