Қазақстандық Олимпиада чемпионы 27 жасында мансабын аяқтады
2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.
Комитет төрағасы өз кезегінде Д.Баландин дайындаған жас спортшылардан әлі талай чемпиондардың шығатынына сенетінін жеткізді.
Барлық спортшылар өзің секілді Олимпиада шыңын бағындырғаннан кейін, спорттан алыстамай, сол саланың дамуына үлес қосуы керек. Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдауға дайынбыз, - деді комитет төрағасы өз сөзінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы