Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясына жіберілді

Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының әскери бақылаушысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері майор Дана Жамалиева болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери қызметші Қазақстанда және шетелде БҰҰ-ның әскери бақылаушыларды даярлау курсына іріктеліп, оқудан сәтті өтті.

БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі миссиясына жіберілген Дана Жамалиева – ҚР Қарулы Күштерінің жетінші әйел-әскери қызметшісі.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы бұл жұмысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 (2000) «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» құжатын басшылыққа ала отырып орындайды. Халықаралық құжатта әскери қызметші әйелдердің ұйымның миссияларына қатысуын арттыру туралы ұсыныс бар.

Әдетте, жергілікті тұрғындар әйелдерге сенеді, бұндай көзқарас қақтығыстардың алдын алуға және оларды жеңілдетуге мейлінше ықпал етеді. Осылайша, әйелдердің бітімгерлік миссияларға қатысуы бейбіт тұрғындардың құқығын қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін бірнеше есе арттырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы