Қазақстандық нәрестесін 100 мың теңгеге сатпақ болған
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев нәресте саудасына қатысты тіркелген қылмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Былтыр елімізде адам сатудың 19 дерегі тіркелді. Бұл дерек негізінде тіркелген қылмыстық істердің басым бөлігі тергелді. Сәбиді сату дерегі бойынша 16-17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп айтты вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Оның мәліметінше, биыл елімізде жаңа туған сәбиді сату бойынша 3 дерек тіркелген.
Барлық қылмыс елімізде жасалған. Онда баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланған, - деді Қожаев.
Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдағанын еске сала кетейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы