Қазақстандық мұнай шетелге заңсыз шығарылып келген

ҚР ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, ұсталғандар қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарумен айналысқан.

2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметі Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті. Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы