Шарлапаев: Қазақстандық мұнай сервисі – “Mercedes-Benz сапасы, Volkswagen бағасы”
Отандық сервистік компаниялардың әлеуеті артып, шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігі кеңейіп келеді.
Астанада өткен Kazneftegazservice-2026 конференциясында Қанат Шарлапаев Қазақстанның мұнай сервистік компанияларының сапасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, отандық компаниялар тек ішкі нарықта ғана емес, жаһандық бәсекеде де өз орнын қалыптастырып келеді.
Мұнай саласында ірі ел бар – Сауд Арабиясы. Сол елдің мұнайшылары: “Қазақстанның oil-сервистік компанияларының сапасы – Mercedes-Benz деңгейінде, ал бағасы – Volkswagen сияқты” деп баға береді. Бұл шын мәнінде де солай. Қазіргі таңда еліміздің компаниялары тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық алаңда да бәсекеге қабілетті, – деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, бұл – саладағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар, отандық сервистік компаниялардың әлеуеті артып, шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігі кеңейіп келеді.
Айта кетейік, Kazneftegazservice-2026 конференциясы мұнай-газ саласындағы негізгі ойыншыларды, инвесторлар мен мемлекеттік орган өкілдерін біріктіріп, саланың өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Бүгін Астанада «Қазмұнайгазсервис-2026» конференциясы өтіп жатыр. Биылғы жиын KazService одағының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Шетелдік ірі компания Қазақстанда инженерлер дайындай бастады.