Қазақстандық могулшылар әлем кубогында өнер көрсетеді
Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі Бакуриани қаласында (Грузия) өтеді. Жарыстар 19 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші күні ерлер арасындағы жарыстардың іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы атынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысады.
Жекелей могул бойынша негізгі жарыстар 20 желтоқсанда өтеді. Ал келесі күні параллель могул бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан әйелдер командасынан Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова өнер көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда үстел теннисінен үздік спортшылар арасында жарыс өтеді
Өзгелердің жаңалығы