Қазақстандық мерген нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Зухра Ерназарова Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан 53-ші әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден финалға қос қазақстандық Зухра Ерназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені өзара сарапқа салды.
Тартысты өткен соңғы бәсекеде Зухра отандасы Александрадан 6:3 есебімен басым түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды. А. Сәдуақасоваға күміс, украиналық Галина Авраменкоға қола медаль бұйырды.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында үш жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов миксте үздік үштікке іліккен еді.
Бакудегі әлем біріншілігі 1 қыркүйекте мәреге жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-ның ауыл мектептеріне 29 заманауи автобус берілді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы