4 Тамыз 2024 2024, 19:31 Фото: olympic.kz

Қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен өте алмады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде бақ сынады.

25 метрге оқ атудан сынға түскен отандасымыз екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреді. Өкінішке қарай бұл нәтиже финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Айта кетейік, финалдық кезеңге үздік алты спортшы ғана өтеді.