25 Тамыз 2026, 22:38 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық маунтинбайкшылар Малайзиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Ерлер арасындағы бәсекеде Денис Сергиенко екі рет жүлдеге қол жеткізді.

Маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде екі күміс және бір қола медаль иеленді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Денис Сергиенко екі рет жүлдеге қол жеткізді. Ол XCC және XCO дисциплиналарында екінші орын алып, екі күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC сайысында үшінші орынға ие болып, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық турнирді үш жүлдемен аяқтады.