Қазақстандық математиктер Балқан олимпиадасына қатысады
Қазақстан құрама командасы математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды.
Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.
Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғауда:
Мирон Юркевич – Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы;
Даутов Жан – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
Сахипов Амир – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
Аманжолов Амирлан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
Мұрат Тимур – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысу арқылы биылғы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалады, әрі тәжірибе жинақтайды.