Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайда жүлдегер атанды
Қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10-12 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінің жарысы өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров жалпы 264.46 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Бұл – 19 жастағы Шайдоровтың мансабындағы үздік ұпай көрсеткіші.
Бірінші орынды Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа (298.38) алса, жапон спортшысыШома Уно (279.98) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда жыл басынан бері 20 мыңға жуық сәби өмірге келді
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы