29 Қараша 2026, 23:27 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық конькишілер әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

Әйелдер құрамасы да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстан құрамасы Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды.

Нео-сеньорлар санатындағы командалық із кесу жарысында ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан намысын қорғаған Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов екінші орынға тұрақтады.

Әйелдер құрамасы да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова командалық жарыста қола медаль иеленді.