Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті.
Басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланды.
Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылды.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта қолжазбаларды қалпына келтіру жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісім жасалды.