21 Сәуір 2025, 08:33
Фото: instagram.com/kaz_karateofficial
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті, - делінген хабарламада.
Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда украиналық Александра Шолоховадан жеңіліп, күміс медаль еншіледі.
Мөлдір Жаңбырбай – Каратэ-до бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018), әлем чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының финалисі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
- Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды 15:19
- Нағаспаев: Өнеркәсіптік ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару маңызды 15:03
- ДСМ аутизмның артуы вакцинациямен байланысты емес екенін түсіндірді 14:50
- Президент: Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет 14:25
- Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады 14:09
- Трамп Иранмен болған соғысқа өкінбейтінін мәлімдеді 14:08
- Вице-президент: «Елімізде жаңа Орфографиялық сөздік әзірленеді» 13:50