Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні атап өтілуде.

Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар. Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ол өз кезегінде жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуанышты екенін айтты.

Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды. Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті. Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды. Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын. Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін, - деп жазды Аймағамбетов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы