Қазақстандық гимнасттар әлем кубогі кезеңінің финалында өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар аталған бәсекенің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінде батуттық гимнастика бойынша Қазақстан сапынан Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков және Данил Мусабаев жартылай финалда бақ сынайды.

Ал синхронды секіруден екі спортшы жарыстың финалында өнер көрсетеді. Олар: Роман Барков және Игорь Грачев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы