Қазақстандық гимнаст тұңғыш рет әлем кубогінде жүлдеге ілікті

Спорттық гимнастикадан Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен ол 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл бәсекеде алтын медальді иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд (15.070) иеленсе, күміс жүлдені кореялық Вунг Хур (14.930) еншіледі.

Ал құрама үздігі Нариман Курбанов бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетелік, бұл Зейнолланың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күріш алқабы азаяды
Өзгелердің жаңалығы