13 Қыркүйек 2026, 07:12 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияда күміс жүлдегер атанды

Отандасымыз 116,500 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO жарысының көпсайысында күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 116,500 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Бұған дейін Франкфурттағы әлем чемпионатында ол 115,800 ұпай алған еді.

Бірінші орынды 117,900 ұпаймен украиналық Таисия Онофрийчук иеленсе, польшалық Лилиана Левинска 108,250 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Жарыс 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Ақмарал Ерекешева енді төрт бағдарлама бойынша жекелей сайыстың финалында жүлдеге таласады.

Сондай-ақ қазақстандық гимнаст 1–3 қазанда өтетін Аичи–Нагоя жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайды.