Қазақстандық ғалымдар улы заттарды ыдыратудың тың әдісін ойлап тапты
Ғалымдар улы заттарды ыдыратудың тың әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары фотобелсенді материалдардың көмегімен органикалық және бейорганикалық улы заттарды молекулалық деңгейде ыдырататын инновациялық әдіс ойлап тапты.
«Берілген электрондық қасиеттері бар кең тыйым салынған аумақты ауыспалы металл оксидтері мен плазмонды нанобөлшектердің негізіндегі наноөлшемді қабықшалы құрылымдар» жобасы Тілекқабыл Рамазановтың жетекшілігімен жүзеге асырылып отыр.
Бүгінгі күні қоршаған ортаның органикалық және бейорганикалық улы заттармен ластануымен күресу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті жоба тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша құрлық экожүйелерін сақтауға негізделіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Ақмоладағы 45 сарбаздың қандай ауру жұқтырғанын айтты
Өзгелердің жаңалығы