Қазақстандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәріні сынақтан өткізіп жатыр
Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні сынаудың екінші кезеңі басталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр бүгінде клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі ойдағыдай аяқталғанын атап өтті.
Алматыдағы радиология және онкология институтында 15 науқас емделді. Нәтижелер жаман емес. Қазір премьер-министр бұлмәселені жекебақылауына алды. Біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Шілде айынан бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. 3 мыңға жуық адам тестілеуден өтеді. 5 мыңнан астам науқас тестілеуге жазылды, - деп айтты Саясат Нұрбек.
Оның сөзінше, науқастар сынақтардан ерікті ретінде өтеді.
Заңнамаға сәйкес біз оларды басымдық бойынша реттедік. Олардың барлығы еріктілер ретінде екінші кезеңдегі сынақтарды бастайды. Ақша қазірдің өзінде екінші кезеңге қарастырылған, шамамен 2 млрд теңге. Олар тамыз айында келеді. Жыл соңына дейін үш кезең аяқталады, біз барлық деректі өңдейміз. Біз бұл дәрі-дәрмекті келесі жылы тіркеуге шығарамыз деген үмітіміз өте жоғары, - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.
Министр тестілеу кезінде қатерлі ісіктің төртінші сатысындағы ісік 30 пайызға төмендегенін айтты.
Тестілеудің екінші кезеңі үш қалада – Алматы, Астана және Павлодарда өтеді.