24 Қазан 2026, 18:50 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық ғалымдар Өзбекстанда өткен ТМД елдері форумында өз әзірлемелерін таныстырды

Форум аясындағы бастамалардың бірі – ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Жастар зертханасы» болды.

Қазақстандық жас ғалымдар Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жастарының форумына қатысты. Халықаралық алаңда жас стартапшылар мен технологиялық әзірлемелердің авторлары бас қосып, тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алды.

Форум жұмысы ТМД елдері жастарының инновациялық әлеуетін дамытуға және ғылыми-технологиялық саладағы өзара байланысты кеңейтуге бағытталды.

Іс-шара аясында қатысушыларға «Жастар зертханасы» жобасы таныстырылды. Ол жас зерттеушілерді біріктіруге, ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдауға және практикалық тәжірибе алмасуға арналған.

Қазақстандық делегацияның форумға қатысуы халықаралық жастар байланыстарын нығайтуға, әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға және ғылым, технология мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етті.