Қазақстандық ғалым Алтын Орда дәуіріне тиесілі жаңа ескерткіштерді тапты
Ғалым Алтын Орда дәуірінің жаңа орындарын анықтады.
Жас зерттеуші Дарын Сағидуллаев Батыс Қазақстан облысының аумағынан Алтын Орда дәуірінің жаңа тарихи нысандарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дарын Сағидуллаев - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы, археология саласы бойынша философия докторы (PhD).
Қандай жаңалықтар ашылды
Дарын Зайнуллаұлының ғылыми қызығушылығы – ортағасырлық Алтын Орда мемлекетінің ескерткіштері. 2022-2025 жылдары жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары барысында бірнеше тарихи нысан, соның ішінде екі ортағасырлық қоныс пен жерлеу орындары анықталды. Ғалым сонымен қатар Батыс Қазақстан аумағындағы көне сауда жолдарын, ирригациялық жүйелерді зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді., - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ол өңірдегі ежелгі сауда жолдары мен ирригациялық жүйелерді зерттеуді жалғастыруда.
Ашылған жаңалықтар Алтын Орда тарихын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді және Батыс Қазақстанның мәдени мұрасы туралы түсінікті кеңейтеді.
Ғылыми жұмыс
Оның еңбектері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланып келеді. Қазірдің өзінде 20-ға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.
Жас ғалымның жаңалықтары өңірдің мәдени-тарихи мұрасын терең тануға жол ашып қана қоймай, аймақтық туризмнің дамуына да серпін береді.