Қазақстандық Еуроодақ елдеріне балықты заңсыз өткізген
Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды. Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған, - делінген хабарламада.
Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.
Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.
Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Amanat" Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынды
Өзгелердің жаңалығы