6 Тамыз 2026, 21:50
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Ел қоржынына алғашқы алтын жүлделерін Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков салды.
Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін жеңіп алды.
Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшылар Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков ел қоржынына екі алтын медаль салды.
Кирилл Тубаев байдаркамен 3400 метр қашықтыққа жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков каноэмен 3400 метр қашықтықта мәреге бірінші болып жетіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлделеріне қол жеткізді.