Кеше 2026, 16:22 Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық ер адам үйінде «виски, ликер, сыра» шығарған

Қолдан жасалған алкоголь виски мен ликер ретінде сатылған: Екібастұзда жасырын цех анықталды.

Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында өз үйінде заңсыз түрде алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырған тұрғынның әрекетін тоқтатты.

Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.