Қазақстандық Эльбрустің шыңында «Адай» күйін шертті

ҚазҰӨУ түлегі Эльбрус шыңында «Адай» күйін орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен «Адай» күйін орындады. 

Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған, - делінген министрліктің хабарламасында.

Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен. Содан кейін «Шабыт» ҚазҰӨУ-ге түсті. 2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы