Қазақстандық екі мыңға жуық әйел IT-мамандықтарын тегін меңгере алады
Astana Hub Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2000 әйелді оқытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстары бойынша оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарлама қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялары және т. б. тұрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйелдер бар, олардың 34%-ы жұмыс істемейді ал 41%-ы жоғары білім дәрежесіне ие.
Жақында Coursera IFC және Еуропалық комиссиямен серіктестікте жүргізген зерттеу көрсеткендей, әйелдердің 45%-ы және бала күтіміндегі әйелдердің 60%-ы онлайн оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқуды кейінге қалдырып немесе тоқтатуға мәжбүр болатынын мойындады. Сондықтан IT-Aiel бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін едәуір маңыздылық пен мүмкіндікке ие.
Жобаға қатысу үшін әйелдер қауымы мына сайт арқылы өтініш беруі керек: Оқыту қорытындысы бойынша жобаның барлық түлектері оқуды аяқтағанын растайтын электрондық сертификатқа ие болады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақыру алады.
Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады, ал қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады: https://education.astanahub.com/itaiel/rus. Қосалқы сұрақтар бойынша edu@astanahub.com электрондық поштасына жазып немесе бірыңғай нөмір 2222 қоңырау шалуға болады.