18 Қазан 2026, 19:49 Фото: olympic.kz

Қазақстандық екі гимнаст Нидерландта өтетін әлем чемпионатында медаль үшін күреседі

Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан, ал Нұртан Идрисов жеке көпсайыстан финалға шықты.

Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Олар – Нариман Құрбанов пен Нұртан Идрисов.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулар бойынша іріктеуден сәтті өтті. Қазақстандық гимнаст төрешілерден 14,866 балл алып, екінші орынға тұрақтады. Одан жоғары нәтижені тек Армения өкілі Гамлет Манукян көрсетті. Оның ұпайы – 14,933.

Ал Нұртан Идрисов көпсайыстың жеке финалына шықты. Ол алты снарядтағы өнер көрсету қорытындысы бойынша 79,665 балл жинап, іріктеу кезеңінде 17-орын алды.

Сонымен қатар Қазақстанның ерлер құрамасы командалық финалға өте алмады. Команда 237,594 балл жинап, іріктеуді 12-орынмен аяқтады.

Ерлер арасындағы жеке көпсайыстың финалы 22 қазанда өтеді. Ал ат снарядындағы жаттығулар бойынша медальдар 24 қазанда сарапқа салынады.