Қазақстандық екі боксшы Германиядағы турнирдің алдында салмақ өлшеді
Ақпанның 4-нен 5-іне қараған түні Ванген им Алльгой қаласында бокс кеші өтеді. Оның аясында екі қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Теміров (2-0, 2 КО) пен Александр Ковригин (5-0, 3 КО) кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Теміров орта дивизионда Босния мен Герцеговиня өкілі Милош Янянинмен (16-40, 13 КО) айқасады, ал Ковригиннің жартылай жеңіл салмақтағы қарсыласы грузин Джаба Мемишиши (8-18, 1 КО) болмақ.
Айқас алдында екі боксшы да салмақ өлшеді және өз салмақ дәрежесінің белгіленген шегінен асқан жоқ.
Еске салайық, Александр Ковригин бұған дейінгі айқасын өткен жылы 19 наурызда Берлинде өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен никорагуалық Хосе Эрнандесті (4-40-1, 3 КО) жеңді.
Ал, Виктор Теміров 2 шілдеде Бад-Вильдунгенде Грузия өкілі Бекой Мурджикнелиді (6-24-1, 4 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұнай компаниясының екі қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы