Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды
Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
kazinform.kz агенттігінің мәліметінше, жарыстың екінші күнінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 3 қола жүлде жеңіп алды.
Ел құрамасынан Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) және Ердәулет Жұмабай (90 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль еншілеген еді. Оның — 5-еуі алтын, 3-еуі күміс, 9-ы қола медаль.
Осылайша қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында барлығы 22 медаль олжалап қайтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең Украина мен АҚШ келіссөздер өткізеді
Келесі жаңалық
Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады
Өзгелердің жаңалығы